Жайықтың жағасын дүбірге бөлейтін ұлттық ат спортының айтулы додасы – «Жайық жүйрігі» бәйгесі биыл жетінші рет ұйымдастырылды. Өңір халқы асыға күтетін дәстүрлі жарыс жыл өткен сайын ауқымын кеңейтіп, көпшіліктің сүйікті спорттық шараларының біріне айналды.
Дүбірлі доданың ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Орал қаласының әкімі Мұрат Бәйменов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов, БҚО бәйге федерациясының президенті, Құрылтай депутаты Мұратбек Мұхамедиев қатысты.
-Жайық жүйрігі-2026» ұлттық бәйге түрлерінен Батыс Қазақстан облысының ашық чемпионатына қош келдіңіздер!
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Ұлттық спорт түрлерін дамыту – ұлттық рухты көтеру мен жас ұрпақтың бойына отансүйгіштікті дарытудың басты кепілі». Әсіресе бұқаралық спорт пен ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау – еліміздің болашағы үшін маңызды қадам екені айтылды. Осы орайда, дәстүрлі «Жайық жүйрігі-2026» бәйгесі – Жолдауда көтерілген міндеттердің нақты көрінісі. Шабандощдарға сәттілік, баба мен бағы қатар шапқан шын мықты жеңіске жетсін,-деді Орал қаласының әкімі Мұрат Бәйменов.
Одан соң БҚО бәйге федерациясының президенті, Құрылтай депутаты Мұратбек Мұхамедиев сөз алып, Ұлттық спорттың мерейін өсіретін, тұлпар тұяғының дүбірімен ел рухын көтеретін бұл үлкен дода екенін атап өтті.
Аш облыс әкімі VI дүниежүзілік көшпенділер ойынының жеңімпазы Санжар Өмекейді марапаттады.
Ұлы аламан, топ, құнан бәйге түрлерінен тұратын Батыс Қазақстан облысы дәстүрлі ашық чемпионатының жалпы жүлде қоры 50 миллион теңге.
Додаға БҚО, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Жетісу, Алматы, Павлодар облыстарының жүйріктері қатысуда.
#bqo_sport
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-sport/press/news/details/1295785?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау