🏐 «AUYL SPORT – 2026» жарысының аудандық іріктеу кезеңі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🏐 «AUYL SPORT – 2026» жарысының аудандық іріктеу кезеңі

Жаңасемей ауданында ауылдық елді мекендердегі оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және жас спортшылардың шеберлігін арттыру мақсатында «AUYL SPORT – 2026» жарысының аудандық іріктеу кезеңі волейбол спорт түрінен өткізілді.

Жарысқа аудан мектептерінен барлығы 8 команда, 66 оқушы қатысты. Атап айтқанда, ұлдар арасында 2 команда, қыздар арасында 6 команда бақ сынады.

👦 Ұлдар арасында:
🥇 І орын — Бөкенші ЖОББМ
🥈 ІІ орын — Шақаман ЖОББМ

👧 Қыздар арасында:
🥇 І орын — Шүлбі ЖОББМ
🥈 ІІ орын — Түрксіб ЖОББМ
🥉 ІІІ орын — Знаменка ЖОББМ

🏆 Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңіске жеткен және үздік нәтиже көрсеткен спортшылар арасынан Жаңасемей ауданының құрама командасы жасақталады. Аудан намысын қорғайтын құрама команда алдағы уақытта облыстық «AUYL SPORT – 2026» жарысына қатысып, ауданымыздың мерейін үстем етуге талпынады.

Барлық қатысушыларға спорттық белсенділігі, жігері мен командалық рухы үшін алғыс білдіреміз! 👏

Жеңімпаз командаларды құттықтай отырып, облыстық кезеңде сәттілік тілейміз! 🏆🏐
Жеңісті жолдарыңыз жалғаса берсін! 💪🔥

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-zhanasemey/press/news/details/1296150?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version