«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылғы 18 қыркүйекте құқықтық түсіндіру жұмысы және заң қызметтерін көрсету бөлімінің бас маманы Адель Досмухамбетова нотариустар мен адвокаттардың тағылымдамадан өтушілеріне «Адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында қатысушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі мен шарттары, аттестаттаудан өтудің негізгі кезеңдері, адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар, сондай-ақ қажетті құжаттарды ұсыну тәртібі түсіндірілді.
Ерекше назар аттестаттаудан өтуге байланысты практикалық мәселелерге және тағылымдамадан өтушілерді алдағы кәсіби қызметке дайындау мәселелеріне аударылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу тағылымдамадан өтушілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, болашақ адвокаттар мен нотариустардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі туралы хабардарлығын арттыруға және кәсіби қызметті жүзеге асыруға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1296237?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау