Мүгедектігі бар азаматтарға қажетті техникалық оңалту құралдары мен жекелеген әлеуметтік қызметтерді таңдауға және алуға мемлекет цифрлық мүмкіндіктер ұсынып отыр. Солардың бірі – «Әлеумет» әлеуметтік қызметтер порталы. Портал арқылы азамат өзіне қажетті құралды үйден шықпай-ақ таңдап, оны ұсынатын жеткізушіні анықтап, электронды түрде тапсырыс бере алады. Порталда протездік-ортопедиялық бұйымдар, сурдо- және тифлотехникалық құралдар, жүріп-тұруға арналған құралдар, міндетті гигиеналық құралдар және жекелеген әлеуметтік қызметтер қолжетімді. Ал қажетті құралды қалай таңдауға болады? Тапсырыс қалай рәсімделеді? Порталдағы AIdana чат-боты қандай ақпарат береді? Қолдану кезінде көмек қажет болса, қайда жүгінуге болады? Осы сұрақтардың барлығына бейнероликтен жауап таба аласыздар.
Толығырақ: https://www.instagram.com/p/DdbKivCDt2z/?img_index=1
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1296238?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау