Алматыда бірқатар заңсыз нысандар сүрілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласында сот актілерін орындау аясында заңсыз салынған және орналастырылған бірқатар нысандарды мәжбүрлеп бұзу жұмыстары жүргізілді.

Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде сот шешімдеріне сәйкес заң талаптарын бұза отырып салынған нысандар анықталып, оларды сүру бойынша тиісті шаралар қабылданды. Мәжбүрлеп орындату шаралары жеке сот орындаушыларының қатысуымен және уәкілетті мемлекеттік органдар мен тиісті қызметтердің өзара іс-қимылы негізінде жүзеге асырылды.

Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және заңды күшіне енген сот актілерінің уақтылы әрі толық орындалуына қол жеткізу.

Алматы қаласы Әділет департаменті сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты негізде жүргізуде.

Заңсыз нысандарды бұзу және жер учаскелерін заңды иелеріне немесе мемлекет меншігіне қайтару бойынша атқарушылық іс-шаралар алдағы уақытта да заңнама талаптарына сәйкес жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/1295529?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version