АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚜️ Ойыл ауданының әкімі С. Займолдиннің төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және тиісті сала жетекшілері қатысты. 🔸️ Аппарат отырысында ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу барысы, қысқы мал азығын дайындау жұмыстары, алдағы жылу беру маусымына дайындық, «TAZA QAZAQSTAN» акциясының орындалуы, мемлекеттік қызметтің жай-күйі, Әдеп кодексі нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің орындалуы, сондай-ақ Қайыңды ауылдық округі әкімі аппаратының атқарған жұмыстары қаралды. 🔹️ Мемлекеттік қызметтің жай-күйі, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер туралы Ойыл ауданы әкімі аппаратының басшысы Е.М. Тілепов баяндама жасады. 🔸️Ал Қайыңды ауылдық округі әкімі аппаратының атқарған жұмыстары жөнінде ауылдық округ әкімі Бейсебаев Дәурен Қаржауұлы баяндап, округтегі негізгі жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталды. 🔹️ Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті ұсыныстар айтылды. Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды. 🔸️Аппарат мәжілісінде көтерілген мәселелердің уақытылы әрі сапалы орындалуы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1295803?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version