Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Департаменттің №2 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімімен белгіленген  кесте бойынша 2026 жылғы 14-15 қыркүйек айында Шиелі және Жанақорған аудандарында көшпелі куәландыру жүргізу барысында ДКК төрағаларының, медициналық мекемелер дәрігерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, медициналық ұйым дәрігерлеріне ҚР Премьер- Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.23ж. №260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу Қағидаларына» сәйкес куәландыру (қайта куәландыру) кезінде мүгедектігі бар адамның оңалту іс-шараларын жүргізуге қажеттілігіне қарай әлеуметтік және кәсіптік бағытта оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу тәртібіне  қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Еңбек және  халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.23ж. № 288 бұйрығы «Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бойынша түсініктемелер беріліп,осы іс-шараға қатысты №031/е нысанды медициналық құжаттаманы толтыру кезінде жиі кездесетін қателіктерді атап өтіп, ескертулер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1295701?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version