Бейнеуде полиция мен мобилограф бірлесіп жұмыс жүргізуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бейнеу ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері мобилографпен бірлесіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және полиция қызметінің ашықтығын арттыру бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Бірлескен жұмыс барысында аудан аумағында өткізілетін профилактикалық іс-шаралар, жол қозғалысы қауіпсіздігі, құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу және тұрғындарға қажетті маңызды ақпараттар бейнематериалдар арқылы кеңінен насихатталуда.

Мобилографтың көмегімен полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысы, тұрғындармен кездесулері, профилактикалық түсіндіру жұмыстары және қауіпсіздік шаралары заманауи форматта түсіріліп, әлеуметтік желілер арқылы халық назарына ұсынылуда.

Мұндай ақпараттық жұмыстар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң талаптарын сақтауға және қауіпсіздік ережелеріне жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді. Сонымен қатар, полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз етіп, тұрғындар мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, заң талаптарын орындауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға белсенді түрде атсалысуға шақырады.

Заң мен тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің кепілі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1295650?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version