Дәріханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 7 шілдедегі №ҚР ДСМ-58 бұйрығымен бекітілген «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) талаптарымен регламенттеледі.
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығының 4-тармағы 17-тармақшасына сәйкес дәрілік заттарды сақтау және бөлшек саудада өткізу объектілері (дәріханалар) эпидемиялық мәні болмашы объектілерге жатады.
Эпидемиялық мәні болмашы объектілердің, оның ішінде дәрілік заттарды сақтау және бөлшек саудада өткізу объектілерінің (дәріханалардың) қызметі Қазақстан Республикасы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінің 24-бабы 1-тармағы 2-тармақшасының талаптарына сәйкес, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабарлама бойынша жүзеге асырылады.
Санитариялық қағидаларға сәйкес дәріханалар: 1) бөлек тұрған ғимараттарда; 2) тұрғын үй қорына кірмейтін ғимараттар құрылымындағы оқшауланған үй-жайларда; 3) тұрғын үй қорына кіретін ғимараттар құрылымындағы оқшауланған үй-жайларда орналастырылуы мүмкін.
Ғимарат құрылымында орналасқан кезде дәріханалар үшін үй-жайлардың оқшауланған блогы көзделеді.
Дәріханаларды ғимарат құрылымына орналастырған жағдайда қызметтік, тұрмыстық үй-жайлар (санитариялық торап) ғимараттың негізгі үй-жайлар құрамына кіреді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1295755?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау