«Достық–Дружба» турнирінің жеңімпаздары анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Орал қаласының күніне орай ұйымдастырылған волейболдан дәстүрлі «Достық–Дружба» XVIII қалааралық турнирі мәресіне жетті.

Бірнеше күнге созылған тартысты бәсекеде еліміздің және көршілес елдің үздік командалары алаңға шығып, шеберліктерін ортаға салды. Жарыстың жабылу салтанатына Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев, Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов, БҚО волейбол федерациясының атқарушы директоры Азамат Нұрмұханбетов, спорт ардагерлері қатысты.

Жарыс қорытындысында:

1-орын – Орал қаласы
2-орын – Петропавл қаласы
3-орын – Уфа қаласы (Башқұртстан РФ)

Жекелей номинациялар бойынша:

1-орынның үздік ойыншысы – Данил Сухарев, Орал қаласы

2-орынның үздік ойыншысы – Мирас Жұмағұл, Петропавл қаласы

3-орынның үздік ойыншысы – Савелий Борисов, Уфа қаласы (Башқұртстан РФ)

Ал атағы ерекше шеберлігімен көзге түскен – Мансур Ізбасаров, (Орал қаласы) турнирдің үздік ойыншысы атанды.

Жарыс барысында тәжірибелі ойыншылардың шеберлігі мен жас спортшылардың жігері тоғысып, көрерменге тартысты ойындар мен әдемі волейбол сыйлады.

«Достық–Дружба» атауының өзі айтып тұрғандай, бұл турнир жеңіс пен жүлдеден бөлек, спортшылар арасындағы достықты нығайтып, өңірлер мен қалалар арасындағы байланысты бекемдейтін дәстүрлі додаға айналып келеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілейміз.

#bqo_sport

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-sport/press/news/details/1295800?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version