Степняк қаласында Дүниежүзілік тазалық күніне орай сенбілік өтті.
Бүгін, 19 қыркүйек күні, Степняк қаласында қаланы абаттандыру және тазалықты сақтау мақсатында жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылды.
Экологиялық акция аясында қоқыстарды жинау, шөп шабу және қоғамдық аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қаланы көгалдандыруға және қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Сенбілікке мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері, қала тұрғындары және қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарамайтын азаматтар қатысты.
Осындай игі бастамалар қаламыздың таза әрі көрікті болуына ықпал етіп қана қоймай, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-birzhan-sal-stepnyak/press/news/details/1295811?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау