Түркістан қаласындағы Сүйіліш Батыр көшесінде реконструкция жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, сызбада көрсетілген Ханшатыр көшесі мен Меркі көшесі аралығында автокөлік қозғалысы толықтай уақытша тоқтатылады.
Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Сонымен қатар, аталған жұмыстарға байланысты №5 және №17 қоғамдық көлік бағыттарының қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізіледі. Уақытша өзгеріс сызбасында №5 қоғамдық көлік бағытының соңғы аялдамасы Талас көшесі мен Сүйіліш Батыр көшесінің қиылысы болып табылады.
Жолды жабу мерзімі:
Қолайсыздықтар үшін түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1295578?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау