Исатай ауданында «Тегін заң көмегі» акциясы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП

Атырау облысы Әділет департаментінің бастамасымен «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету аясында Исатай ауданында Департамент басшысы Г.У. Кыстаубаеваның қатысуымен «Тегін заң көмегі» акциясы өткізілді.

Аталған акция халыққа қолжетімді әрі сапалы құқықтық көмек көрсетудің, жарқын үлгісіне айналды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қолданыстағы заңнама нормаларын кеңінен түсіндіру болды.

Акция барысында Департамент басшысы Г.У. Кыстаубаева тұрғындардың құқықтық сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар Полиция департаменті өкілдері, тұрғын үй және жер қатынастары бөлімдері, жұмыспен қамту қызметі мамандары, адвокат, нотариус және жеке сот орындаушылары халыққа жан-жақты заңгерлік кеңестер ұсынды.

Тұрғындар сауалдарына нақты әрі түсінікті жауаптар алып, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тимді тетіктерімен танысты. Атап айтқанда, шоттарға тыйым салу жане оларды бұғаттау мәселелері, алаяқтық фактілері, сондай-ақ әлеуметтік, тұрғын үй, отбасылық және еңбек қатынастары бойынша қойылған сұрақтарға сала мамандары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер берді.

Азаматтардың құқықтық ақпаратқа қол жетімділігін арттыру және цифрлық трансформация шеңберінде азаматтарға құқықтық кеңес беруге арналған жасанды интеллект агент чат-ботының және «AdiletGov» қосымшасындағы «Тараптар кабинетінің» жұмысы насихатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1296088?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version