Департамент қызметінің негізгі бағыттарының бірі – медициналық ұйымдардың медициналық көмек көрсету сапасын қамтамасыз ету. Осы бағыт шеңберінде медициналық қызметтерді (көмекті) көрсету саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылады.
Медициналық қызметті бақылау бөлімінде бас маман – Жағыпарова Әлия Абаевна еңбек етеді.
Әлия Абаевна денсаулық сақтау саласында 25 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. 2023 жылдан бастап мемлекеттік қызметші болып табылады. Жоғары білімі бар, «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие.
Кәсіби қызметінде Әлия Абаевна жауапкершілігімен, жеделдігімен, байыптылығымен және қызметтік міндеттерін адал орындауымен ерекшеленеді.
Өтініш берушілердің өтініштерін қарау барысында медициналық көмектің сапасына, пациенттердің құқықтарын сақтауға және денсаулық сақтау саласындағы заңнама талаптарына қатысты мәселелер бойынша білікті әрі түсінікті түсіндірмелер береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1295524?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау