«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» – КІТАП ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін «JAIYQ PRESS» медиахолдингінде «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафонына арналған баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз конференциясына Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ақжарқын Темірханова қатысып, марафонның өңірде жүзеге асырылуы, негізгі бағыттары мен өткізілу тәртібін таныстырды.
Марафонның мақсаты – кітап оқуды кеңінен насихаттау, оқу мәдениетін қалыптастыру және зияткерлік әлеуеті жоғары ұрпақ тәрбиелеу.
Жоба аясында «Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын педагог», «Кітап оқитын әулет», «Кітап оқитын университет», «Кітап оқитын колледж», «Кітап оқитын зияткер», «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» бағыттары қамтылады.
Батыс Қазақстан облысында жобаға 48 815 адам тіркелді. Марафон 2026 жылғы қыркүйек – 2027 жылғы наурыз аралығында өтеді.
Қатысушылар 6 ай ішінде бекітілген әдебиеттер тізімінен 15 кітап оқып, кейін онлайн тестілеу кезеңінен өтеді. Үздік нәтиже көрсеткендер республикалық деңгейдегі интеллектуалдық квиздерге қатысады.
Кітап оқып, біліміңізді толықтырыңыз. Зияткерлік марафонға қосылыңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1295908?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version