Көкшетау университетінде заң факультетінің студенттеріне арналған ашық дәріс сабағы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумды іске асыру аясында Ақмола облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Э.Қабышев Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің заң факультеті студенттеріне арналған ашық дәріс сабағына қатысты.

         Іс-шараға шақырылған сарапшылар ретінде мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысып, студенттермен практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби қызметінің ерекшеліктері туралы ақпарат берді.

         Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын ережелерін түсіндіру, заңдылықты нығайту және «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттер сарапшыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік органдар қызметінің практикалық аспектілерін талқылауға мүмкіндік алды.

         Мұндай кездесулер Әділет департаменті мен университет арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, практикалық тәжірибе алмасуға және жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akm/press/news/details/1295699?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version