Марқакөл ауданы мәслихатының VIII шақырылымындағы кезекті қырық төртінші сессиясы 2026 жылғы 1 қазан күні сағат 11:00-де Марқакөл ауылындағы аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді.
Сессияның күн тәртібі:
- Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі.
Баяндамашы:
Рустембек Набиолдинович Кемешев – Марқакөл ауданының әкімі.
- Аудандағы әлеуметтік маңызы бар нысандардың 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындалу қорытындылары туралы ақпарат.
Баяндамашы:
Самат Тоқтарқанұлы Сүлейменов – Марқакөл ауданының сәулет, құрылыс. тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
- Аудандық бюджет, экономикалық реформалар, агроөнеркәсіп кешені, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері, депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.
Баяндамашы:
Тимур Қалымжанұлы Айкенев – Марқакөл ауданы мәслихатының тұрақты комиссиясының төрағасы.
- Боран және Ақбұлақ ауылдық округтері әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есептері.
Баяндамашылар:
Мұрат Тұрғамбекұлы Әділбаев – Боран ауылдық округінің әкімі.
Ардақ Ғалиқызы Тлеубаева – Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі.
Тұрақты комиссиялар отырысы сағат 09-30 -да.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-markakol/press/news/details/1295642?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау