Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті КММ «Павлодар қаласының Рафиқа Нұртазина атындағы жалпы білім беретін орта мектебіне» қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалмауына байланысты Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Павлодар облысының білім басқармасына қарасты Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар қаласының Рафиқа Нұртазина атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру барысында білім беру ұйымының қызметінде Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы талаптарының бұзушылықтары анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы, оларды орындаудың нақты мерзімдері белгіленген нұсқама берілді.
Сонымен қатар, білім беру ұйымының басшысына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік ден қою шаралары қолданылды.10:39
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1296218?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау