Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері №27 Диқан орта мектебінің оқушыларымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында балаларға өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік талаптары және терезеден құлаудың алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар, төтенше жағдай туындаған кезде 101 – өрт сөндіру қызметіне, 112 – бірыңғай жедел қызмет нөміріне хабарласу қажеттігі айтылды. Құтқарушылар балаларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға, сақтық танытып, өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды. Қауіптің алдын алу – әрқайсымыздың міндетіміз!
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау