Алматы облысы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің қызметкерлері Қонаев қаласындағы «Каусар» лицей-интернатының оқушыларына ақпараттық-түсіндіру дәрісін өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қоғам өмірінде заңдарды сақтаудың маңызы түсіндірілді.
«Заң мен тәртіп» қағидатына, өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін, жауапкершілігін және заңға құрметпен қарауын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жауапты азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1295601?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау