Жұмыс кеңесінде елді мекендерді абаттандыру және қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау айлығын өткізу мәселелері қаралды.
Жыл басынан бері ауданда 598 сенбілік және «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылып, 29 мыңға жуық ағаш пен бұта отырғызылды, 23 рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылды. Сонымен қатар ауылдық округ әкімдеріне аумақтардың санитарлық жағдайын, шөп шабу жұмыстарын, балалар және спорт алаңдарының жай-күйін бақылауды күшейту, сондай-ақ жолдарды жөндеу жұмыстарын жалғастыру тапсырылды.
Алдағы әлеуметтік қолдау айлығына да ерекше назар аударылды. Ауданда 8 081 зейнеткер және 1 099 мүгедектігі бар адам тұрады. Іс-шаралар аясында 3 262 тұрғынға жалпы сомасы 7 млн теңгеге жуық қайырымдылық көмек көрсету жоспарлануда. Сондай-ақ азаматтардың үйлеріне бару, медициналық және мәдени іс-шаралар, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері және «Қамқорлық» акциясын өткізу көзделген.
Кеңес қорытындысы бойынша елді мекендерде санитарлық тазалықты сақтау және қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға атаулы қолдау көрсетуді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kyzylzhar/press/news/details/1296018?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау