Шалқар ауданының актив отырысында облыс әкімі Асхат Шахаров ауданының жаңа әкімін таныстырды. Өңір басшысының өкімімен Қайрат Серікбайұлы Ақшолақ Шалқар ауданының әкімі болып тағайындалды.
Жаңа әкімнің кандидатурасы ҚР Президенті Әкімшілігі және Шалқар аудандық мәслихаты депутаттарымен келісілді.
Активпен кездесу барысында облыс әкімі ауданның одан әрі дамуы үшін айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті. Сегіз айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда және инвестиция салаларында оң динамика қалыптасқан. Өңдеу өнеркәсібі, шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру бағыттарындағы бірқатар көрсеткіш бойынша жұмысты күшейту қажет.
Ауданның жаңа басшысына өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту, инвестиция тарту және кәсіпкерлікті қолдау міндеттері қойылды. Сондай-ақ жер ресурстарын тиімді пайдалану, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, ветеринария мамандарының жұмыс жағдайын жақсарту және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелеріне көңіл бөлу тапсырылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында аудан аумағын абаттандыру, көгалдандыру мәселелері де күн тәртібінде болуы тиіс. Облыс әкімі қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу, елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарын күшейтуді, Шалқар көліндегі шлюзді жөндеуді, сондай-ақ жол жобаларын уақтылы аяқтауды тапсырды. Ауылдық елді мекендердегі мобильді байланыстың сапасын жақсарту да маңызды міндеттердің бірі ретінде белгіленді.
Жастар арасында профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыру және өскелең ұрпақ үшін қауіпсіз, жайлы әрі қолайлы орта қалыптастыру қажет.
«Ұлттық құрылтай отырыстарында көтерілген бастамалар мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын аудан деңгейінде сапалы іске асыруға ерекше мән беру қажет. Басты міндет – тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, әлеуметтік жағдайды жақсарту және ауданның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына қол жеткізу. Әрбір тұрғын күнделікті өмірінде оң өзгерістерді нақты сезінуі тиіс. Сондықтан жаңа басшылықтан барлық жоспар мен тапсырмаларды жедел әрі тиімді жүзеге асыру талап етіледі», – деді Асхат Шахаров.
Жаңа әкімге белгіленген бағыттарды қатаң бақылауға алып, тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету міндеттелді.
Отырыста Шалқар ауданының бұрынғы әкімі Жанболат Жидеханов сөз сөйледі. Ол аудан тұрғындарына бірлескен жемісті жұмысы, әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асыруға көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, жаңа басшылыққа аудан игілігі жолындағы қызметіне сәттілік тіледі.
Шалқар ауданының жаңа әкімі Қайрат Ақшолақ артылған сенім үшін алғысын білдіріп, алға қойылған міндеттерді шешу және ауданның одан әрі дамуы үшін бар күш-жігерін салатынын жеткізді.
Жаңа басшыға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Елубай Төлепберген мен аудан ардагері Зинелғабдин Жөлекенов өз тілектерін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-aktogay/press/news/details/1295595?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау