2026 жылғы 19 қыркүйекте Атырау облысы Әділет департаментінде мемлекеттік қызметшілерге арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері: жаңа талаптар және қызметтік міндеттер» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шара Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл М. Музатованың төрағалығымен ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру, заңнама талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және қызметтік міндеттерді адал әрі заң талаптарына сәйкес орындаудың маңыздылығын түсіндіру.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың негізгі талаптары, енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын міндеттер мен шектеулер, мүдделер қақтығысының алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1295543?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау