«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
2026 жылдың 8 қыркүйек күні Шарын ауылдық округі әкім аппаратының мәжіліс залында ауылдық мекеме басшыларымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – «Таза Қазақстан» бағдарламасының маңыздылығын түсіндіру, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, ауыл аумағын абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу бағыттарын талқылау.
Жиын барысында ауылдық округ аумағында тазалық жұмыстарын тұрақты ұйымдастыру, көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, қоқыстарды белгіленбеген орындарға тастамау, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына мекеме қызметкерлері мен тұрғындарды белсенді қатыстыру мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар, әрбір мекеме басшысына өз аумақтарында тазалық жұмыстарын ұйымдастыру және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасына белсенді атсалысу қажеттігі түсіндірілді.
Кездесу соңында ауылдық округтің тазалығы мен көркейуі – баршаға ортақ міндет екені айтылып, мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Тазалықты сақтау арқылы туған жерге деген жауапкершілік пен сүйіспеншілікті арттырудың маңыздылығы атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-sharyn/press/news/details/1295654?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау