Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол бойындағы қауіп факторларын азайту мақсатында Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция майоры Б. Берікбаев жол жиегінде заңсыз сауда жүргізіп отырған азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жол бойында сауда жасауға болмайтыны, мұндай әрекеттер көлік қозғалысына кедергі келтіріп, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне кері әсер етуі мүмкін екені түсіндірілді.
Заңсыз сауда жүргізіп отырған азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау қажеттігі ескертіліп, жол қауіпсіздігіне қатысты талаптарды бұзбау жөнінде тиісті ескертулер жасалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1295632?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау