Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерге арнаулы әлеуметтік төлемдер

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру үшін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы әлеуметтік төлем енгізілді.

Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындаудың негізгі шарттары елу бес жасқа толған және олар үшін жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген кезде және зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскер еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда:

-республикалық бюджеттен екі ең төменгі күнкөріс деңгейі (бұдан әрі- (ЕТКД) мөлшерінде арнайы кәсіптік жәрдемақы немесе биылғы жылы 101 702тг.

– өмірді сақтандыру компанияларынан (ӨСК) бір ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде немесе 50581 тг.

 – жұмыс берушілердің қаражаты есебінен, бір ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде немесе 50581 тг.

– бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемінен тұратын арнаулы әлеуметтік төлемге құқығы болады.

2014 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс берушілер еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін, кәсіптері уәкілетті мемлекеттік органдар бекітетін өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлер үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлейді.

Арнаулы әлеуметтік зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскер еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда жұмыс берушінің қаражаты есебінен алуға құқылы.

Кәсіптік төлем алуға құқығы бар жұмыскер жұмыс берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушімен еңбек шартын бұзуға не зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысуға өтініш береді.

55 жасқа толған кезде зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істемейтін, бірақ жеті жыл ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған адамдардың екі көзден – республикалық бюджеттен және БЖЗҚ-дан арнаулы әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар.

Олар тұрғылықты жері бойынша “Азаматтарға арналған үкімет “Мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ филиалына жүгінуі керек.

Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу осындай төлемді алушы зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жүзеге асырылады.

Қызметкер зейнеткерлік жасқа толғанға дейін Арнаулы әлеуметтік  жәрдемақыны ала алады. Зейнетақы тағайындалғаннан кейін төлемдер тоқтатылады.

Арнаулы әлеуметтік төлем зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларының бірі болып табылады.  Сондықтан төлем алушының зиянды еңбек жағдайларындағы жұмысқа қайта орналасуына жол берілмейді.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Солтүстік Қазақстан облысында осы төлемді 604 адам алуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1295615?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version