Құрметті ата-аналар, педагогтер және оқушылар!
Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет. Әсіресе электр энергетикасы объектілері орналасқан аумақтарда қауіпсіздік талаптарын сақтау аса маңызды.
Электр желілері, трансформаторлық қосалқы станциялар, электр қондырғылары мен электр беру желілері – өмірге қауіп төндіруі мүмкін нысандар. Оларға жақындауға, қоршаулардан асып кіруге, электр жабдықтарына қол тигізуге, есіктерді өздігінен ашуға немесе қорғаныш құрылымдарын бұзуға қатаң жол берілмейді.
Балаларыңызға электр нысандарының маңында ойнаудың қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріңіздер. Баланың қай жерде жүргеніне назар аударып, қауіпті аумақтарға бармауын қадағалау – жазатайым жағдайлардың алдын алудың маңызды бөлігі.
Сынып сағаттарында, тәрбие жұмыстарында және ата-аналармен кездесулерде электр қауіпсіздігі тақырыбын тұрақты түрде түсіндіріп, оқушылардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу қажет.
Қауіпсіздік ережесін білу – жеткіліксіз, оны күнделікті сақтау маңызды!
Құрметпен,
Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-bokeyorda/press/news/details/1296432?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау