Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит объектілерінің 2026 жылға арналған тізбесіне сәйкес Сарысу ауданында мемлекеттік ресурстардың пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Мемлекеттік аудитпен 12 мемлекеттік мекеме және 1 кәсіпорыны үстеме тексерумен қамтылды.
Аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша аудит объектілері тарапынан Сарысу ауданында мемлекеттік ресурстардың пайдаланылу тиімділігін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерде көзделген нормалар мен ережелердің сақталмауына жол берілгені анықталды.
Әкімшілік іс жүргізуді қозғау және процестік шешім қабылдау үшін 53 материалдар тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге рәсімделіп тиісті органдарға жолданды, оның ішінде:
- «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ-не 36 материал.
- Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына 17 материал жолданды.
Сондай-ақ, Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының тарапынан Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес 3 әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар материалдар рәсімделді.
Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде өткен отырыс қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысы қабылданып, аудит объектілеріне тиісті нұсқама мен ұсынымдар жолданады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomzhambyl/press/news/details/1296531?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау