2026 жылдың I жартыжылдығы үшін камералық бақылау хабарламаларын орындау

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік кірістер комитеті оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерде кірістерді толық көрсету бойынша алшақтықтарды анықтағанын хабарлайды.

Алшақтықтар тізбекті үш күнтізбелік айдың әрқайсысында 100 және одан да көп әртүрлі тұлғалардан алынған мобильді аударымдар туралы банктік ұйымдардың деректері негізінде жүргізілген камералық бақылау нәтижелері бойынша белгіленді.

Камералық бақылаудың мақсаты – салық төлеушіге салықтық тексерулерді тағайындамай, бұзушылықтарды дербес жоюға және мәселелерді реттеуге мүмкіндік беру.

Хабарламаны алған кезде оны 30 жұмыс күні ішінде (шамамен 45 күнтізбелік күн) орындау қажет:

– егер бұзушылықтармен келіссеңіз, қосымша салық есептілігін тапсыру және салық сомаларын қосымша төлеу қажет;

– егер келіспесеңіз, растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша түсініктеме ұсыну қажет (бұл да хабарламаны орындау болып танылады).

Хабарламаның бар-жоғын тексеруге және оны орындауға «Салық төлеушінің жеке кабинетінде» (cabinet.salyk.kz) болады.

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды болдырмау үшін жеке кабинеттерді уақтылы тексеруге шақырады. #Заң_мен_тәртіп#Закон_и_порядок

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1296747?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version