2026 жылғы 15 қыркүйекте Кеген ауылдық округі әкімінің орынбасары Е. Нуркалиевтің қатысуымен Кеген ауылдық округіне қарасты Кеген, Түменбай және Темірлік елді мекендерінің тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандыру, инфрақұрылым және тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелер талқыланды. Тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау