2026 жылғы вегетация кезеңінде ШҚО-да суару жұмыстарына 40,4 млн текше метр су берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан филиалының директоры Дәулет Жанысов өңірдегі суару маусымының қорытындысы туралы айтып берді.

2026 жылғы вегетация кезеңінде филиал Ақжар, Зайсан және Күршім өндірістік учаскелерінің барлығында суару суының үздіксіз берілуін қамтамасыз етті. Су беру бойынша 809 шарт жасалып, жалпы көлемі 40,4 млн текше метр су берілді. Бұл су 8 474 гектар алқапты суаруға бағытталды.

Оның ішінде Зайсан өндірістік учаскесі бойынша 510 шарт жасалды. Нақты берілген су көлемі 26,4 млн текше метрді құрады. Нәтижесінде 4 732,8 гектар ауыл шаруашылығы алқабы суарылды.

Ақжар өндірістік учаскесі бойынша 158 шарт жасалды. Берілген судың нақты көлемі 2,9 млн текше метр болды. 419,6 гектар жер суарылды.

Күршім өндірістік учаскесі бойынша 141 шарт жасалды. 11,1 млн текше метр су беріліп, 3 321,6 гектар алқапты суару қамтамасыз етілді.

«Филиал бойынша жалпы су алу лимиті 214,4 млн текше метр болатын арнайы су пайдалануға 14 рұқсат рәсімделді. Оның біреуі электр энергиясын өндіретін гидроэлектр станцияларының екінші реттік су пайдаланушыларына су беруге арналған», – деді «Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан филиалының директоры Дәулет Жанысов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1296514?lang=ru

Exit mobile version