Шымкент қаласы әкімінің тұрғындармен кездесуі барысында Ынтымақ шағын ауданының тұрғындары тарапынан көтерілген өзекті мәселе оң шешімін тапты.
Осы тапсырма негізінде Абай ауданының әкімі Шәкір Асылханұлының тікелей ұйымдастыруымен бұл аумақта заманауи гүлзар құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Тұрғындардың демалысы мен балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне арналған жаңа қоғамдық кеңістіктің негізгі көрсеткіштері:
Жалпы аумағы: 36 соттық
Көгалдандырылған аумақ: 1 600 шаршы метр газон
Жаяу жүргіншілер жолы: 6 500 шаршы метр аяқжол.
Жарықтандыру: 30 дана заманауи жарықшам орнатылған.
Аталған жоба тұрғындардың тікелей өтініші негізінде Абай ауданы әкімдігі тарапынан жүзеге асырылып, шағын ауданның сәулеттік келбетін жақсартуға әрі қауіпсіз, жайлы орта қалыптастыруға бағытталып отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-abai/press/news/details/1296370?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау