Аппараттық кеңес өткізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Бүгін аппараттық кеңес барысында Жанат Маратұлы Қақарманов Шахтинск қаласы әкімі аппаратының жаңа басшысы ретінде таныстырылды.

Жанат Маратұлының «Құқықтану» және «Экономика» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі — 16 жыл 10 ай. Тағайындалғанға дейін «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ ТҚК жұмысы мәселесі жөніндегі бас инспектор қызметін атқарған.

Жанат Маратұлына жаңа әрі жоғары жауапкершілікті қызметінде табыс пен жемісті еңбек тілектері білдірілді.

Кеңес барысында келесі мәселелер қаралды:

–көппәтерлі тұрғын үйлерді алдағы жылыту маусымына дайындау және көмір өндірушілердің иелігіндегі көмірдің болуы;

–жеке бастамалар мен Ұлттық жобалар аясында жаңа жұмыс орындарын құру және халықты, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту;

–техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту және мемлекеттік білім беру тапсырысының басымдықтары;

–9 айдың қорытындысы бойынша бюджет қаражатының күтілетін игерілуі;

-бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жұмыс, сондай-ақ проблемалық мәселелер қамтылған жарияланымдарға мемлекеттік органдардың уақтылы ден қоюы.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар берілді.

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy-shahtinsk/press/news/details/1296832?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version