Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау тәртібі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында мемлекет тарапынан төленетін ақшалай төлем. Бұл жәрдемақы Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнамасына сәйкес тағайындалады.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтардың санаттары заңнамада нақты белгіленген. Олардың қатарында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, оларға теңестірілген адамдар, қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы мүшелері, саяси қуғын-сүргін құрбандары және басқа да азаматтар бар. Жәрдемақы алушылардың толық санаты Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 190 бабында көрсетілген.

Жәрдемақы тағайындаудың негізгі шарттарының бірі – азаматтың тиісті санатқа жатуы және оны растайтын құжаттардың болуы. Қолданыстағы тәртіп бойынша жәрдемақы тағайындау үшін азамат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш бере алады. Кейбір жағдайларда қызмет көрсету проактивті форматта жүзеге асырылады.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері алушының санатына байланысты белгіленеді және айлық есептік көрсеткішке қатысты есептеледі. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш мөлшері 4 325 теңге болып белгіленді. Осыған байланысты арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың бірқатар түрлерінің мөлшері де өзгереді.

Мысалға Күміс алқа алқасымен марапатталған көп балалы аналарға 2026 жылғы мөлшері ай сайын 27 680 тенге 6,4 айлық есептік көрсеткішке тең.

Жәрдемақы алу құқығы пайда болғаннан кейін азамат оған жүгіне алады. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы өтініш, қажетті құжаттармен бірге, белгіленген тәртіппен беріледі.

арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – азаматтардың әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын санаттарына көрсетілетін маңызды мемлекеттік қолдау шарасы. Оның тағайындалуы мен төленуі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі және тиісті қағидалар арқылы реттеледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1296996?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version