Арыс қаласында орналасқан сауда павильондарына (әлеуметтік дүкендерге) комиссионерлерді (жалдаушыларды) анықтауға конкурс

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

 

Құрметті Арыс қаласының тұрғындары!

 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру және реттеу жұмыстарының істеу тәртібін енгізу мақсатында «Түркістан» Әлеуметтік-кәсіпкерлік Корпорациясы» акционерлік қоғамы, кестеге сәйкес Арыс қаласында орналасқан сауда павильондарына (әлеуметтік дүкендерге) комиссионерлерді (жалдаушыларды) анықтауға конкурс жариялағанын хабарлайды:

 

Лот №

Сауда павильондарының (әлеуметтік дүкендердің) орналасқан жері

Сауда павильонының (әлеуметтік дүкеннің) көлемі

1

Арыс қаласы, Салықбаев Б. көшесі,

24 м2

2

Арыс қаласы, Ардагерлер көшесі,

24 м2

 

Әлеуметтік дүкеннің нысаналы мақсаты: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру;

Сауда павильонын мүліктік жалға беру мерзімі 1 жыл;

Сауда павильонын мүліктік жалға беру шарттары: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шеңберінде Қоғамның азық-түлік тауарларын өткізу.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2026 жылдың 17 қыркүйектен 1 қазан аралығында (жұмыс күндері 09:00-ден 19:00-ге дейін) Түркістан қаласы, Жаңа қала, 32 көше, 20 ғимарат, 4 қабат мекенжайы бойынша қабылданады.

 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • 1-қосымшаға сәйкес мүлікті жалға беруге арналған сауда павильонын ұсынуға арналған өтініш нысаны;
  • заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (анықтаманың) көшірмесі, жеке тұлға үшін – кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеу құжатының көшірмесі, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум) – консорциум келісімінің көшірмесі;
  • кәсіпкерлік жүргізуші субъектінің жеке күәлігінің көшірмесі;
  • кәсіпкерлік қызметке қаражаттың бар екендігі туралы банктің белгісі бар жеке ағымдағы шоттың құжаты;
  • кәсіпкерлік жүргізуші субъектінің салық қарызының жоқтығы туралы анықтама.

Қосымша:

  • өкілдің сенімхатын растайтын құжат (қажет болған жағдайда);
  • презентацияның немесе бизнес-жоспардың болуы (бар болса);
  • сауда павильондарының одан әрі жұмыс істеуі үшін қаржылық ресурстардың болуы (анықтама);
  • анықтаманың болуы (көп балалы аналар, жалғызбасты аналар, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, III топтағы мүгедектер)

Қызықтырған барлық сұрақтар бойынша «Түркістан» ӘКК» АҚ-на хабарласыңыз. Байланыс телефоны: 8-702-851-30-31

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1296821?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version