️
️Автогаз толтыру компрессорлық станциясы іске қосылды Әйтеке би ауданында жол бойындағы сервистік қызмет көрсету инфрақұрылымын дамыту бағытындағы маңызды инвестициялық жоба іске қосылды.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойында ауданымыздағы алғашқы автогаз толтыру компрессорлық станциясы пайдалануға берілді.
Жобаның бастамашысы – «Алаш Метан» ЖШС. Инвестициялық жоба инвестордың жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына 21 млн м³ метан газын өндіруге мүмкіндік береді.
Жоба мемлекеттік қолдау шаралары аясында Өңірлік үйлестіру кеңесінде қаралып, оң қорытынды негізінде инвестициялық жобаны іске асыру үшін 1 гектар жер телімі бөлінді.
Қарабұтақ ауылы аумағы арқылы өтетін «Самара – Шымкент» республикалық автомобиль жолы бойымен тәулігіне шамамен 16 мың автокөлік қатынайды. Қазіргі таңда аталған аумақта 7 жанар-жағармай құю станциясы, 5 газ құю бекеті, 5 кемпинг және қонақ үй қызмет көрсетуде. Бұдан бөлек, жол бойындағы сервистік инфрақұрылымды одан әрі дамыту мақсатында 3 кемпингтің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жергілікті атқарушы орган аталған аумақта жол бойындағы қызмет көрсету және сервистік инфрақұрылымды кеңейтуге бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға қолдау көрсетуге дайын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1296349?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау