АУДАННЫҢ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ САРАЛАНЫП, МӘСЕЛЕЛЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтіп, ауданның 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қаралды.
Жиында алдымен бюджет кірістерінің орындалуы, қаржының игерілуі және негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер сараланды. Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева баяндама жасап, бірқатар ауылдық округтердегі кіріс түсімдеріне қатысты мәселелерді атап өтті.
Аудан басшысы кіріс көздерін ұлғайту бойынша жұмысты күшейтуді, жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуді және бюджет қаражатының тиімді игерілуін тапсырды.
Сонымен қатар елді мекендердің тазалығы, абаттандырылуы және көше жарықтандыру мәселелері қаралды. Бұл бағыт бойынша Марат Төреев баяндама жасады.
Ауыл әкімдеріне елді мекендердің санитарлық жағдайын тұрақты бақылауда ұстап, тазалық пен абаттандыруға қатысты анықталған кемшіліктерді дереу жоюды тапсырылды. Көше жарықтандыру мәселелері бойынша нақты жұмыстар жүргізуді және проблемалы учаскелерді толық зерделеуді міндеттелді.
Әлеуметтік бағытта Д және Е санатындағы отбасыларды зерделеу, олардың санын төмендету және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттіліктерін анықтау мәселелері қаралды. Ол бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ардақ Талдыбаев баяндады.
Аудан әкімі әр отбасының жағдайын жеке зерделеп, атаулы әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарды анықтауды және Д, Е санатындағы отбасылар санын азайту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.
Бұдан бөлек, 2026 жылы пайдалануға берілетін нысандардың құрылысы мен дайындық барысы талқыланды. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Талғат Омарқұлов атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.
Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының белгіленген мерзімнен кешікпеуін, нысандардың сапасына баса мән беруді және пайдалануға беру мерзімдерін қатаң сақтауды тапсырды.
Жиында тұрғын үйлерді табиғи газға қосу мәселесі бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомабиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Арман Искаков баяндама жасады. Аудан әкімі әрбір елді мекен бойынша газға қосылмаған үйлердің нақты тізімін жасап, әр үйдің қосылмау себебін анықтауды тапсырды. Газға қосу жұмыстарын жеделдетіп, абоненттерді желіге қосуға кедергі келтіріп отырған мәселелерді нақты шешу қажеттігін айтты.
Сондай-ақ Шұбарсу елді мекенінің ішкі газ желілерінің құрылысы мен абоненттерді қосу барысы қаралды.
Аппараттық жиын барысында аудан әкімі тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу мерзімі мен жауапты тұлғалары айқындалып, тиісті хаттамаға енгізілді. Тапсырмалардың орындалуы бақылауға алынды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1296897?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version