Мәслихат депутаты Шохан Ибраев қала әкімі Азамат Қапышевтің төрағалығымен өткен қабылдауға қатысты. Тұрғындардың жеке мәселелері бойынша ұйымдастырылған қабылдау барысында баспана кезегі, ойын алаңдары, әлеуметтік көмек, жер қатынастары, жол құрылысы және т.б. мәселелер бойынша сауалдар көтерілді.
Түйткілді сауалдар бойынша тиісті бөлім басшыларына тапсырма беріліп, жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктелді. Азаматтардың өтініштері бақылауға алынды.
Еске сала кетейік, Қосшы қаласы әкімдігінде тұрғындарды қабылдау әр апта сайын сейсенбі күні 9:00-12:00 аралығында өтеді. Қабылдауға алдын ала 8 (7172) 607-770 байланыс телефоны арқылы жазылуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1296373?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау