Департаментін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандарымен Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің талаптарына сәйкес, ауданның үш елді мекенінде: Желтораңғы, Қарой және Балатопар ауылдарында орналасқан ұйымдарға профилактикалық бақылау іс-шаралары жүргізілді.
Профилактикалық бақылау барысында мүгедектігі бар адамдар мен халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтарының әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Бақылау қорытындысы объектілерге қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша бірқатар бұзушылықтар анықталып, оларды жою туралы нұсқама берілді. Нұсқаманың орындалуы Департаменттің бақылауында.
Осы бағыттағы бақылау мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге, қолжетімді ортаны қалыптастыруға және олардың заңды құқықтарын қорғауға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1296455?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау