Бескөл ауылында жергілікті қоғамдастықтың жиыны өтті
2026 жылғы 9 қыркүйекте Бескөл ауылында жергілікті қоғамдастықтың жиыны өтіп, онда жергілікті қоғамдастықты қалыптастыру, абаттандыру, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және сумен жабдықтау мәселелері қаралды.
Жиын қорытындысы бойынша жергілікті қоғамдастықтың негізгі құрамы сайланып, жергілікті қоғамдастықтың төрағасы болып Бауке́нов Бақыт Еслямұлы сайланды.
Оңтүстік-Шығыс және Ипподром аудандары бойынша тұрғындардың қосымша жиыны өткізіліп, аталған аудандардан өкілдер анықталады.
Қосымша жиындар өткізіліп, жергілікті қоғамдастықтың толық құрамы қалыптастырылғаннан кейін, оның түпкілікті тізімі қосымша жарияланады.
Бескөл ауылының тұрғындарына белсенді қатысқандары және сындарлы диалог үшін алғыс білдіреміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-beskol/press/news/details/1297116?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау