2026 жылғы 22 қыркүйекте Бейнеу ауданының Боранқұл ауылында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Рейдтік жұмыстар Бейнеу ауданы полиция бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары, полиция майоры Ерғали Искаковтың жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында сағат 11:30 шамасында 33 жастағы азаматтың «Yamaha» маркалы мотокөлікті басқару құқығынсыз жүргізгені анықталды. Сонымен қатар, аталған құқық бұзушылықтың бір жыл ішінде қайталанғаны белгілі болды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 4-бөлігіне сәйкес әкімшілік шара қолдану мәселесі қаралуда.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлік құралдарын тиісті құжаттарсыз басқармауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1296612?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау