Маңғыстау облысында мефедронның заңсыз айналымына күдікті ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңаөзен қаласында «Қарасора» және «Паутина» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында полиция қызметкерлері психотроптық заттарды заңсыз айналымға түсірді деген күдікпен 29 жастағы ер адамды ұстады.

13 қыркүйекте Теңге ауылындағы азық-түлік дүкенінің маңында ер адам ұсталды. Жеке тінту барысында одан ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған 9 пакет, ақша қаражаты және ұялы телефон тәркіленді.

Кейін күдікті психотроптық заттарды жасырған орындарды полиция қызметкерлеріне өз еркімен көрсетті. Аталған жасырын орындардан тағы 9 ұқсас пакет тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың құрамынан 4-метилметкатинон (мефедрон) анықталды. Зерттелген заттың жалпы салмағы 1,65 грамды құрады.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті психотроптық заттарды Ақтау қаласынан Жаңаөзенге әрі қарай өткізу мақсатында тасымалдаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу амалдары жалғасуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1296830?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version