Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы хабарлайды.
Ағымдағы жылдың 23-25 қыркүйегі аралығында Маңғыстау облысының аумағында «Қауіпсіздік коды: 102-11-150» республикалық акциясы өткізіледі.
Акцияның негізгі мақсаты – азаматтар мен отбасыларды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес бағытындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту.
Сонымен қатар іс-шара аясында полиция қызметінің тиімділігін арттыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру және полиция мен тұрғындар арасындағы өзара сенім мен байланысты нығайту көзделген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1296680?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау