Мектеп жанындағы интернаттағы жағдаймен танысу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мәслихат депутаттары№5 мектеп жанындағы интернатқа барып, білім алушыларға жасалған жағдаймен танысты. Сапар барысында интернаттың жұмысы, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырылуы, және тәрбиелік бағыттағы жұмыстары көрсетілді. Интернатта 19 бала білім алып, тәрбиелінуде. Балаларға қажетті жағдай жасалып, күніне бес мезгіл тамақтану ұйымдастырылған.

Ерекше назар интернаттың аумағындағы балалардың еңбекке баулуға арналаған жеке учаскесіне аударылды. Оқушылар көктемгі егіс жұмыстарынан бастап, көкөністер мен басқа да дақылдарды өздері егіп суарып, күтіп баптайды. Бұл-балалардың еңбекке қызығушылығын арттырып, жауапкершілікке және табиғатты бағалауға тәрбиелейтін маңызды тәжірибе. Депутаттар оқушылардың, интернат ұжымының ұсыныстары мен көтерген мәселелерін тыңдады. Сонымен қатар депутаттар интернатқа материалдық қолдау көрсетуге ниет білдіріп, балаларға жасалып отырған жағдайды жақсартуға өз үлестерін қосуға дайын екендерін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1297082?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version