МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ӘДЕП НОРМАЛАРЫН САҚТАУ ЕСКЕРТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Департамент басшысының орынбасары Р.Бисеновтің, қоғам өкілінің және облыс әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Р.Омарованың қатысуымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармаларының қызметшілерімен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге қызметтік және қызметтен тыс уақытта әдеп нормаларын сақтау, азаматтар мен әріптестерге құрметпен қарау, іскерлік киім үлгісін ұстану, қоғамдық тәртіпті сақтау және әлеуметтік желілерде тиісті мінез-құлық таныту талаптары түсіндірілді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер, мүдделер қақтығысының алдын алу және заң талаптарын сақтау мәселелеріне назар аударылды.

Мемлекеттік қызметшінің әдебі, жауапкершілігі мен кәсіби мәдениеті – қоғам сенімінің негізі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-arhiv/press/news/details/1296437?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version