Нұрқанат Әжіқанов Азия ойындарында Қазақстанға каратэден бесінші медальді әкелді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Нұрқанат Әжіқанов Айти – Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Каратэ WKF бойынша кумитэ бәсекесінде 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін өткен белдесуде Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Филиппин спортшысы А. Батиканды 10:1 есебімен сенімді жеңіп, қола медаль иеленді.

Бұл – Қазақстан құрамасының қазіргі Азия ойындарындағы каратэден екінші қола және жалпы бесінші жүлдесі.

Осылайша, қазақстандық каратэшілердің еншісінде қазір бес медаль бар: екі алтын, бір күміс және екі қола.

Каратэ Қазақстан ұлттық құрамасының XX жазғы Азия ойындарындағы жүлде қорын толықтыруды жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1296383?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version