19 қыркүйек күні Қарағаш ауылдық округінде елді мекенді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары аясында ағаш отырғызу күні ұйымдастырылды.
Іс-шараға ауылдық округке қарасты мекеме қызметкерлері белсене қатысып, ауыл аумағына жас көшеттер отырғызды. Сонымен қатар, көшеттердің айналасы тазаланып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Ағаш отырғызу – табиғатты қорғау мен туған жерді көркейтуге бағытталған маңызды жұмыстардың бірі. Бүгін отырғызылған әрбір көшет – ауылымыздың ажарын арттырып, болашақ ұрпаққа қалатын жасыл мұра.
Туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу – баршамызға ортақ міндет!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-karaagash/press/news/details/1296727?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау