Қарағанды облысының өкілдерін еліміздегі қоғамдық келісім, бірлік пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етуге арналған қоғамдық институт – Қазақстан Халық Кеңесі құрамына енуімен құттықтаймыз.
Кеңес құрамына Қарағанды облысының жеті өкілі кірді: Бекзат Алтынбеков, Гаухар Акижанова, Увайс Джанаев, Әйгерім Исбекова,
Александр Куприенко, Виталий Тварионас, Виталий Хмелевский.
Қазақстан Халық Кеңесі мүшелеріне табысты жұмыс, жаңа жетістіктер, сындарлы диалог және Қарағанды облысы мен Қазақстан Республикасының игілігі жолында жемісті қызмет тілейміз!
Өңір өкілдеріне жүктелген сенім мен жауапкершілік жаңа маңызды бастамалар мен игі істердің берік негізі болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandinskoy-oblasti/press/news/details/1296869?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау