Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Құрманғазы ауданында білім беру саласының қызметкерлеріне арналған ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.
Іс-шараға Құрманғазы ауданының білім бөліміне қарасты мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың директорлары және еңбек қатынастарына жауапты мамандары қатысты. Семинарға жалпы 110 адам қамтылды.
Семинар барысында Департаменттің бас маманы А. Ахатова еңбек заңнамасының негізгі талаптары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, «Еңбек.kz» ақпараттық жүйесінде еңбек шарттарын тіркеу, еңбек шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ штаттық кестені жүйеге енгізу тәртібі бойынша жан-жақты түсіндірмелер берілді.
Сонымен қатар, еңбек шарттарын заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес және уақтылы рәсімдеудің маңыздылығы, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің еңбек қатынастары саласындағы құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.
Іс-шара барысында білім беру ұйымдарының директорлары мен жауапты мамандары еңбек қатынастарын рәсімдеу, еңбек шарттарын «Еңбек.kz» ақпараттық жүйесінде тіркеу және штаттық кестені енгізу мәселелері бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Қойылған сұрақтарға қолданыстағы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес нақты жауаптар берілді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға еңбек заңнамасы талаптарын сақтау, еңбек шарттарын тиісті тәртіппен рәсімдеу және ақпараттық жүйеде қажетті мәліметтерді уақтылы енгізу бойынша түсіндірмелер берілді.
Аталған іс-шара білім беру ұйымдарының басшылары мен жауапты мамандарының еңбек заңнамасы бойынша құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ еңбек қатынастарын заңнама талаптарына сәйкес рәсімдеуді қамтамасыз етуге бағытталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1296159?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау