Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік қолдау шаралары кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыруға, жаңа бизнес субъектілерін ашуға және жұмыс орындарын құруға бағытталған. 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында қалада 133 мың жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелді. Ал 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында шағын және орта кәсіпкерлік саласында 220,1 мың адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік белсенділіктің артуы халықтың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын құруға және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беруде. Шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту — қаланың экономикалық өсімін қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kasipkerlik/press/news/details/1296203?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау